Басты бет

Материалдар

Тақырыбы:

Тақырыбы:

Жұмыс жоспары

Оңтүстік Қазақстан облысының математика пәні мұғалімдері мен 
                   оқытушылары қауымдастығының жұмыс
ЖОСПАРЫ
 
2011 – 2012 оқу жылы
 
Әдістемелік тақырып:
Педагогтардың кәсіби құзыреттіліктерін, ақпараттық сауаттылығы мен шығармашылық потенциалын дамытуға арналған математиканы оқытудың инновациялық әдістері мен құралдарын оқыту үдерісіне енгізуді әдістемелік сүйемелдеу бағытындағы жұмыстар жүйесі.
 
Мақсаты:
Педагогтарға инновациалық әдістер мен құралдарды оқыту үдерісінде қолданудың талаптарын ескеріп, мазмұнын игерулеріне және практикада жүзеге асыруларына көмек көрсету.
 
Міндеттері:
 
  1. Оңтүстік Қазақстан облысы педагогтарының кәсіби деңгейін желілік байланыспен шеберлік сабақтарды ұйымдастыру арқылы көтеру бағытында жұмыстар жүргізу
  2. Шығармашылық топтар құрып, оқу әдістемелік кешендердің әдістемелік тұрғыда  сүйемелденуін, интербелсенді тақтаның мүмкіндіктерін сабаққа қолдануды, икемді сыныппен жұмыс жасауды, сабақтардың мультимедиалық сүйемелдену жиынтығын құрастыруды ұйымдастыру.
  3.  «Дарынды балалармен жұмыс» тақырыбында тұрақты жұмыс жасайтын семинар сабақтарын өткізу.
 
р/н
Іс-шаралар мазмұны
Уақыты және өтетін орны
жауаптылар
Нәтижесі
1.      Диагностикалық-аналитикалық іс-әрекеттер
1.1
Педагогтармен қазіргі кездегі әдістемелік қажеттіліктер жайлы сауалнамалар жүргізу
қазан
2011 ж.
ОблББ,
ОҚ МПМмОҚ
Бейсенбаев Д.
Жылдық жұмыс жоспарының тақырыптары мен мазмұнына түзетулер енгізу,
Сауалнама нәтижесіне қатысты анықтама беру.
2.      Ғылыми-әдістемелік іс-әрекеттер
2.1.
 Семинарлар, шеберлік сабақтары, конференциялар мазмұндарын құрастыру.
Қазан-наурыз
 2012 ж.,
ОҚ МПМмОҚ
Кеңес
 
Іс шаралардың тақырып бойынша әдістемелік материалдары.
3.      Ұйымдастырушылық-әдістемелік іс-әрекеттер
3.1.
Ұйымдастырушылық жиналыс:
  • 2011-2012 оқу жылына арналған жұмыс жоспары
19 қазан
 2011 ж.
Рахымбек Д.
ОҚО МПМмО Қауымдастығы туралы
ақпараттар беру
3.2.
Дөңгелек үстел "12 жылдық білім беру жүйесіне көшу жағдайында мектеп пен жоғары орындарындағы математикалық білім беру сапасын жетілдіру мәселелері "
26 қазан
2011 ж.
М.Әуезов атындағы ОҚМУ.
ОҚ МПМмОҚ Кеңесі,
М.Әуезов атындағы ОҚМУ.
Педагогтардың кәсіби құзыреттіліктерін, шығармашылық потенциалдарын дамыту.
3.3.
Конкурс "Үлгілі сабақтың бейнематериалдары"
Қараша
2011 ж.
Төраға,
Кеңес,
Аширбаев Н.К:
Педагогтардың ақпараттық құзыреттіліктерін арттыру
3.4.
Оқушылар арасында математикадан интернет-олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу.
Қаңтар
2012 ж.
 
Төраға,
Кеңес,
Бекмолдаева Р.
Нысанов Р.
Дарынды балаларды анықтау.
Педагогтың біліктілігін жоғарылату,
3.5.
4-5 сыныптарға арналған математика оқулықтарының сапасын талқылау
Ақпан
2012 ж.
Төраға,
Кеңес,
Математика мұғалімдері
 Оқулық сапасын арттыру бойынша ұсыныстар беру
3.6.
 
Семинар «Математиканы оқыту әдістерін жетілдіру»
 
Сәуір
2012 ж,
М.Әуезов атындағы
ОҚМУ
Рахымбек Д.
Педагогтардың кәсіби құзыреттіліктерін, шығармашылық потенциалдарын дамыту.
3.7.
Қорытынды жиналыс:
1.            Оқу жылына есеп беру
2.            Белсенді оқушыларды марапаттау
Маусым
2012 ж.
Рахымбек Д.
Жылдық есеп
Мақтау қағазы
4. Ақпараттармен жұмыс  іс-әрекеттері
4.1.
Қауымдастықтың жұмысын жан -жақты жарнамалау, педагогтарды, білім беру саласының бөлімдері мен басшыларын Қауымдастықтың өткізетін және өткізіп жатқан іс шараларынан хабардар ету.
Апта сайын, қазан-маусым
Рахымбек Д.,
Бейсенбаев Д.
Телефонограммалар мен сайттағы ақпараттар легі
4.2.
Әдістемелік қорға қажет ақпараттар жинағын құру
Ай сайын,
қазан-маусым
Рахымбек Д.,
Байшенов К.
Әдістемелік қорды толықтыру, әдістемелік жинақ.
5. Педагогикалық тәжірибелермен алмасу
5.1.
Сайтта жарияланатын мақалалардың жинағын дайындау
қазан 2011
Төраға
Педагогтардың мақалалары
6. Инновациялықіс-әрекеттер
6.1
Шығармашылық топтың жұмысы «Математиканың элективтік курстарының авторлық бағдарламалары»
 
Жыл бойы
Төраға,
Аудандық (қалалық) бөлімшелер,
мұғалімдер
Анықтама
6,2
Шығармашылық топтың жұмысы:
o        "Интербелсенді тақтамен, икемді сынппен жұмыс"
 
o         «Мультимедиалық сабақтар»
Жыл бойы
 
 
Төраға,
Аудандық (қалалық) бөлімшелер,
мұғалімдер
 
Педагогтың ақпараттық сауаттылығын арттыру, ин тер-белсенді оқыту құралдарын қолдану, порталға сабақ үлгісін шығару, конкурсқа қатысу.
7. Рефлексивті іс-әрекеттер
7.1
Қауымдастықтың орындаған іс-әрекеттеріне талдау жасау.
қаңтар, маусым
 
Төраға,
Кеңес
Қауымдастықтың орындаған жұмыстарының анықтамасы, жұмыс жоспарына түзетулер енгізу
           
 
 
   «Оңтүстік Қазақстан облысының
   математика пәні мұғалімдері
   мен оқытушыларының қауымдастығы»
   қоғамдық бiрлестiгiнiң төрағасы                                                                              Рахымбек Д.
 

Сұрақтар мен жауаптар

Пікірлер