Басты бет

Материалдар

Тақырыбы:

Тақырыбы:

Дәстүрлі физика-математика олимпиадасы жалғастыруда

 
Құрметті 9-10 сынып оқушылары!
            «Оңтүстік Қазақстан облысының математика пәнінің мұғалімдерімен оқытушылары қауымдастығы» облысымыздың кәсіпкерлерінің демеушілігі арқасында, Ресейдің Новосибирск Мемлекеттік университеті жанындағы жазғы физика-математика мектебіне іріктеу жүргізу мақсатында, өткізілетін әр жылғы дәстүрлі физика-математика олимпиадасын жалғастырады.
            Егер Сіз физика және математика пәндеріне қызығатын болсаңыз, онда Сіз үшін осы жылдың тамыз айында 24 күн Новосибирскінің жазғы физика-математика мектебінде демалып, оқып қайтуыңызға ерекше мүмкіншілік бар.
            Ресей, Қазақстан., Қырғызстан және басқа аймақтардан келетін құрдастарыңызбен бірге, ғылым әлеміне саяхат шегіп, физика, математика және химия пәндерінен білікті мамандардан дәріс алып, Ресейдің алдыңғы қатарлы ғалымдарының лекцияларын тыңдап қайтуыңызға болады.
            Ол жазғы  мектепте, Сіз жалғыз ғана оқып емес, сондай-ақ әр түрлі экскурсияларға, спорт ойындарына қатысып демалып қайтасыз. Бұл өткізген 24 күн Сіздің өміріңізде өшпейтін із қалдыратынына сенеміз.
            Физика-математика мектебінде оқу барысында Сіз әр түрлі пәндерден өткізілетін білім сайыстарына қатысып, осы мектепте білім алуды жалғастыруға мүмкіншілігіңіз болады. Бұл мектепті бітірген түлектер Ресейдің іргелі университеттерінің бірі болып саналатын, Новосибирск Мемлекеттік университетінде оқуларын жалғастырып, жоғары білікті мамандар болып қайтады.
            Физика-математика мектебіне іріктеу, облысымыздың бірнеше кәсіпкер-демеушілердің көмегімен «Оңтүстік Қазақстан облысының математика пәнінің мұғалімдерімен оқытушылар қауымдастығының» ұйымдастыруымен 2 кезеңде өткізіледі. Бірінші кезең сырттай, яғни төмендегі ұсынылған есептерді, қалаған пәндеріңіз бойынша орындап 2012 жылға 15 наурызға дейін көрсетілген мекенжайға ұйымдастыру алқасына жіберіңіз. Берілген барлық есептерді шығару шарт емес, кейде 2-3 есептің өзін әр түрлі жолдармен шығарсаңызда жеткілікті. Бірінші кезеңнің есептерін шығарып, іріктеуден өткен оқушылар көктемгі демалыс кезінде өткізілетін екінші кезеңіне шақырылады. Екінші кезең, Новосибирск физика-математика мектебінен келген оқытушылардың қатысуымен әңгімелесіп, есеп шығару түрінде өткізіледі. Орыс тілін жетік білмеймін деп тартынудың қажеті жоқ, есептерді қазақ тіліне аударып түсіндіріп береміз. Екінші кезеңнен өткен оқушыларды, біздің демеуші-кәсіпкерлеріміз жазғы физика-математика мектебіне баруға жолдамалармен марапаттайды. Барлық жол шығындарын демеушілеріміз қаржыландырады.
            Біздің демеушілеріміз, математика және физика пәндеріне қызығатын облысымыздың 9-10 сынып оқушыларын, осы іріктеу олимпиадасына белсенді қатысуға шақырады. Олимпиадаға қатысатын ауылдық жерден келген және отбасы жағдайы нашар оқушыларға жазғы физика-математика мектебіне тегін барып қайтуға бұл бірден-бір ерекше жағдай болады деп санаймыз.
Бірінші қезеңнің тапсырмаларын ұсынамыз.
 
Математика 9 сынып
            1. Егер екі санның әр біреуі екі натурал сандардың квадраттарының қосыныдысы түрінде берілсе, онда ол сандардың көбейтіндісіде екі натурал сандардың квадраттарының қосындысы ретінде беруге болатынын дәлелдеңіздер.
            2. Келесі сандардың қайсы бірі үлкен: 3111 немесе 1714 ?

            3. Келесі теңдеуді қанағаттандыратын барлық (х,у) бүтін сандар жұптарын табыңыздар.

 
4. АВС ұшбұрышына іштей сызылған шеңбердің центрі арқылы АС қабырғасына параллель тұзу жүргізілген. Бұл түзу АВ және ВС қабырғаларын сәйкесінше М және N  нүктелерінде қиын өтеді. АМ+СN =М N болатынын дәлелдеңіздер. 

5. Теңдеулер жүйесін шешіңіздер: 

6.         сандары жай сандар болатындай    

жай сандар үштіктерін табыңыздар.      

7. АВСDЕ дөңес бес бұрышында АВС, ВСD, СDЕ, DЕА және ЕАВ ұшбұрыштарының аудандары тең. АС және АD түзулері ВЕ түзуін М және N нүктелерінде қиып өтеді. BM=EN екенін дәлелдеңіздер.

 

 
Математика 10 сынып
1. Ящикте 70 шар бар, олардың 20 қызыл, 20сары,20жасыл, ал қалғандары ақ пен қара. Ең азы неше шарды алғанда ол шарлардың арасында 10 бір түстегі шарлар болуы мүмкін екенін табыңыздар.
2. Қаладан ауылға қарай мотоциклші шықты, сол уақытта ауылдан қалаға қарай велосипедші шықты. Олардың арасы екі рет он километр болды: біірінші рет мотоциклші жарты жолға келгенде, ал екінші рет велосипедші үштен бір жолды жүргенде. Қала мен ауыылдың ара қашықтығын табыңыздар.
3. Келесі теңдеуді қанағаттандыратын барлық бүтін сандар (х; у) табыңыздар:

 

 
.
      4.АВС ұшбұрышының әр бір қабырғаларының ортасынан ұшбұрыштың сыртына бағытталған, сол қабырғаларға перпендикуляр векторлар тұрғызылды. Векторлардың ұзындықтары сәйкес қабырғаларының ұзындықтарына тең. Осы үш векторлардың қосындысы нольдік вектор болатынын дәлелдеңіздер.

 

          5. Теңдеулер жүйесін шешіңіздер:   
          6. АВС ұшбұрышына сырттай сызылған шеңбердің центрі О нүктесі, АN  және CF А және С төбелерінен жүргізілген биіктіктері.  NF   ВО –ға перпендикуляр болатынын дәлелдеңіздер.

7. Кезкелген х-тың оң мәнінде және кез келген натураол п сандары үшін теңсіздіктің орындалатынын дәлелдеңіздер:

 
                                              
 
Физика 9-сынып
1. Бала велосипедпен уақытының 1/4 бөлігін v жылдамдықпен жүріп өтті, одан кейін велосипед сынып қалды да ол жолының қалған 1/3 бөлігін жаяу велосипедті өзімен бірге жетектеп жүріп өтті. Бала жаяу қандай жылдамдықпен жүріп өтті? Егер велосипед сынбағанда бала жолды қанша есе тез жүріп өтетін еді?
2. Дене түзу бойымен қозғалады. Оның u жылдамдығының х координатаға тәуелділігінің графигі 1-суретте келтірілген. Дененің координатасы х=3 м нүктедегі үдеуін табыңдар. Дененің 0 ден 5 м-ге дейінгі кесіндідегі максималь үдеуін табыңдар.

 

 
 
                       Рисунок-1.                                                 Рисунок-2.
 
3. Турист котелокты алау үстіне іле алмағандықтан суды оған алауда қыздырылған тастарды котелокқа тастау арқылы ысытуды шешті. Ол бірінші тасты котелокқа тастаған кезде судың температурасы Т1-ден Т2-ге дейін көтерілді, екінші тастан кейін температура Т2-ден Т3-ге дейін көтерілді. Тас алауда қандай температураға дейін қыздырылған?
4. Ұшақтың ұшу жолының ұзындығы L=1 км, ал ұшардағы жылдамдығы u=200 км/сағ. Егер екпіндеу бірқалыпты өтсе, осы ұшақтағы жолаушы қандай асқын салмақты сезеді?
5. Масасы 700 г мұзды суы бар калориметрге салды. Судың массасы 2,5 кг, ал бастапқы температурасы 50С. Жылулық тепе-теңдік орнағаннан кейін мұздың массасы 64 г-ға артық болып шықты. Мұздың бастапқы температурасын табыңдар.
6. Салмағы 3,6 Н мырыш шардың суға батырған кездегі салмағы 2,8 Н болады. Осы шар тұтас па, әлде қуысы барма?
7. R5 кедергі арқылы өтетін ток күшін табыңдар (2-сурет). Егерде R1=R2=R3=R4=10 Ом. R5=3 Ом, U=12 В.

 

 
 
Физика 10-сынып
1. Карло әкей Буратинаға арнап жұқа қаңылтырдан қалпақ жасады. Қалпақ биіктігі H=20 см, ал төбесінің бұрышы 600 конус пішінді. Бұл қалапақты Буратинаның басында тұрады ма, егерде оның басы диаметрі D=15 см жылтыр шар болса?

2. Көлденең қималары S1=100 cм2 және S2=200 см2 екі қатынас ыдыс сумен толтырылып жеңіл поршендермен жабылған. Жүйе тепе-теңдікте тұр. Осы жағдайда үлкен поршеньге массасы m=1 кг гирді орналастырады (сурет-1). Жүйе жаңа тепе-теңдік күйге өткен кезде қандай жылу бөлінеді? (10балл).

 
                           
                    Рисунок-1.                                                                 Рисунок-2.
 
3. Екі өткізгіш жарты жазықтықтар тік екі қырлы бұрыш жасайды. Осы бұрыштың қырларынан а және b қашықтықтарда q нүктелік заряд орналасқан (2-сурет). Осы жүйедегі зарядтардың өзара әсерінің толық энергиясын табыңдар.

4. Екі моншақ горизонталь спицаға кигізіліп қатаңдығы k  серіппе арқылы ажыратылып қойылған. Моншақтардың тесіктері арқылы жіп өткізіп, оны массасы m үшінші моншақтанда өткізіп жіптің ұштарын байлап қойды. Конструкцияны жібергеннен кейін ол тепе-теңдік күйге келген кезде қабырғалары а дұрыс үшбұрыш түзеді. Серіппенің бастапқы ұзындығын табыңдар (3-сурет).

 
 
                                                   Рисунок-3.                                       Рисунок-4.
 
5. 4-суретте келтірілген схемадағы С конденсатордағы зарядты табыңдар. Батареяның ішкі кедергісін ескермеңдер.
6. Сынаптың шар тәрізді N тамшылары бірдей V потенциалға дейін зарядталған. Осы тамшылардың бірігуінен пайда болған үлкен тамшының V’ потенциалы қандай болады?
7. Турист 2 сағат 6 км/сағ жылдамдықпен солтүстікке қарай жүрді. Одан кейін бұрылып 5 км/сағ жылдамдықпен 2 сағат шығысқа қарай жүрді. Саяхаттың бастапқы пунктіне 5 км/сағ жылдамдықпен оралу үшін, ол жұмсайтын минимал уақытты табыңдар. 
            Орындаған тапсырмаларыңызды дәптереге жазып, аудан, мектеп, сынып, өз мекен жайларыңыз және байланыс телефондарын (мектептің, ұялы телефоны) көрсетіп, келесі мекен жайға жіберіңіздер. Шымкент қ., А.Байтұрсынов көш. №13. ОҚМПИ www.asm.ukgu.kz     тел.( 87252) 212829, ұялы:  87771067361, 87025161188

 

 

Сұрақтар мен жауаптар

Пікірлер