Басты бет

Материалдар

Тақырыбы:

Тақырыбы:

«Үздік сабақтың бейнематериалдары» конкурсына қатысуға математика пәнінің мұғалімдері мен оқытушыларын шақырамыз!

Хабарландыру
 
«Үздік сабақтың бейнематериалдары» конкурсына қатысуға математика пәнінің мұғалімдері мен оқытушыларын шақырамыз!
 
Конкурсқа қатысушы мұғалімдер мен оқытушылар сабақта қолданылатын бейнематериалдарды немесе сабақты өтуде қолданылған әдістерді демонстрациялайтын бейнежазба фрагменттерін немесе сабақтың толық бейнежазбасын және конкурсқа қатысушыны тіркеу қағазын толтырып, электронды почтаға салып жіберуі керек. Арнайы сараптамалық топ жұмыс жасап, үздік бейнематериалдар анықталады.
Конкурс нәтижесі және үздік сабақтың бейнематериалдары Қауымдастықтың Web- порталында жарияланады. Мұғалімнің әдістемелік шеберлігі жайлы мақала басылым бетінен жарық көреді. Сондай-ақ, сараптамалық жұмыстар нәтижесі ескеріле отырып, конкурсанттың келісімімен  еліміздегі, шетелдік білім беру саласына қатысты мемлекеттік гранттар мен қаржыландыру бағдарламаларына конкурсқа шығарылады. 
 
Қатысушыны тіркеу
1.  Аты-жөні
2.     Жұмыстың тақырыбы
3.     Мектептің немесе ЖОО-ның толық атауы
4.     Жұмыс орнының мекен-жайы
5.      Байланыс телефондары
6.     Электронды адресі
 
Конкурсқа құжаттар 2011 жылдың 26 қарашасына дейін қабылданады.
e-mail: rakhymbek_d@mail.ru немесе  raina_b@mail.ru          
 
Конкурс нәтижесі 2011 жылдың 5 желтоқсанында жарияланады. 
 
 
                                Оңтүстік Қазақстан облысының математика пәні
                          мұғалімдері мен оқытушыларының қауымдастығы
 

Сұрақтар мен жауаптар

Пікірлер