Басты бет

Материалдар

Тақырыбы:

Тақырыбы:

Қауымдастыққа кіру

Қауымдастықтың Жарғысына сай,  жарғы талаптарын орындайтын  жасы 18-ге толған ҚР азаматтары болып табылатын  математикалық пәндерден сабақ беретін оқытушылар немесе математика пәнінің мұғалімдері,  сонымен қатар жарғы талаптарын орындайтын  заңды тұлғалар – қоғамдық бірлестіктер қауымдастыққа мүше  бола алады.
 
Қауымдастыққа мүше ретінде қабылдау жеке азаматтардың өтініші негізінде, заңды тұлғалар үшін қоғамдық бірлестіктердің басқарушы органдарының шешімі негізінде орындалады.       
 
Қауымдастыққа мүше болу жалпы жиналыстың шешімімен, қатысушылардың жалпы санының 2/3 даусымен қабылданады.
 
Қауымдастықтың мүшесі бiрлестiк қызметi мен орындаған іс-шаралары туралы ақпарат алып отыруға, бiрлестiктің шығармашылық жұмыстарының нәтижелерін, баспадан шыққан және периодты басылымдарда жарық көрген ғылыми-әдістемелік жұмыстарының нәтижелерін алуға құқы бар.
 
Қауымдастыққа мүше болу үшін келесі құжаттарды әзірлеп өткізу керек:
·       Өтініш
·       Жеке куәлігінің немесе паспортының көшірмесі 
·       СТТН (РНН) көшірмесі
·       Жұмыс орнынан анықтама
·       Сауалнама
 
Өтініш, келісім және сауалнама электронды нұсқада толтырылады және А4 форматтағы ақ қағазға шығарылған нұсқасымен қоса өткізіледі . Өтініш иесі қолтаңбасы мен өтініш жазылған күнін көк сиямен жазады.  
 
Құжаттарды почта арқылы келесі мекен-жайға жөнелту керек:
 
Казахстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы,
М.Ауезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің №7 корпусы, Байтурсынов көшесі. №326 бөлме  
 
немесе
 
Сканерленген құжаттарды  электронды почтаға салыңыз: raina_b@mail.ru

 

Сұрақтар мен жауаптар

Пікірлер