Басты бет

Материалдар

Тақырыбы:

Тақырыбы:

Қауымдастық туралы ақпарат

Оңтүстік Қазақстан облысының математика пәні мұғалімдері мен оқытушыларының қауымдастығы туралы ақпарат
 
Құрметті әріптестер!
2011 жылдың 11-12 мамыр күндері Астана қаласында өткен Қазақстан Республикасы математика пәні мұғалімдерінің І съезінің шешімдерін жүзеге асыру мақсатында  «Оңтүстік Қазақстан облысының математика пәні мұғалімдері мен оқытушыларының қауымдастығы»  қоғамдық бірлестігі құрылды.
Қауымдастықтың негізгі міндеттері:
- математика пәні мұғалімдері мен оқытушыларын кәсіби бағыттағы іс-шаралар жөнінде пікірлесу және бір-бірімен тәжірибе алмасу үшін топтастыру;
- математикалық білім берудің стратегиялық мәселелерін талқылау және шешуге белсенді қатысу;
- Оңтүстік Қазақстан облысындағы, Республикадағы математикалық білім беру жағдайының қоғамдық мониторингін жасау.
Қауымдастықтың жұмысы математика пәні мұғалімдері мен оқытушыларының ғылыми жетістіктері мен практикалық тәжірибелерін біріктіруге мүмкіндік береді және білім беру саласындағы саясатқа жауап беретін мемлекеттік басқару органдарының, сонымен қатар, еліміздегі, шетелдік және халықаралық білім беру саласындағы, ғылыми және мәдени мекемелердің назарында болады деп есептейміз
Қауымдастық өз жұмысында білім беру және ғылым саласындағы математиканың өзекті мәселелеріне арналған конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізуді жоспарлап отыр.   .
Сіздерді Қауымдастықтың жұмысына атсалысуға шақырамыз!

Сұрақтар мен жауаптар

Пікірлер