Басты бет

Материалдар

Тақырыбы:

Тақырыбы:

Жарғы

Құрылтай жиналысында
ҚАБЫЛДАНДЫ
«   23   »      09             2011 ж
 
«Оңтүстік Қазақстан облысының математика пәні мұғалімдері мен оқытушыларының қауымдастығы» қоғамдық бiрлестiгiнiң
Жарғысы
 
1.       ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
 1.1.«Оңтүстік Қазақстан облысының математика пәні мұғалімдері мен оқытушыларының қауымдастығы»    ерiктi түрде  мүше болатын  және ортақ мүдде негізінде қызмет ететін коммерциялық емес қоғамдық бiрлестiк.
        1.2.Аталуы: «Оңтүстік Қазақстан облысының математика пәні мұғалімдері мен оқытушыларының
        қауымдастығы» қоғамдық  бiрлестiгi.
1.3.Қоғамдық бiрлестiк мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап заңды тұлға ретiнде құқыққа ие болады, дербес балансы, банк мекемелерiнде шоты, мөрi, бұрыштамасы болады.
1.4.Бiрлестiк өзiнiң қызметiн ОҚО аумағында жүзеге асырады және жергілікті мәртебеге ие.
1.5.Қызмет мерзiмi шектелмеген.
1.6.Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, 160012, Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Байтурсынов көшесі, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің №7 корпусы, №324 бөлме.
1.7.Қоғамның қызметіне Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген арнайы өкілетті органдардан басқа мемлекеттік, қоғамдық немесе басқа органдар араласуына жол бермейді.
 
             2. БІРЛЕСТІК ҚЫЗМЕТІНІҢ МӘНІ МЕН МАҚСАТТАРЫ
2.1.Қоғамның қызметі мен мақсаты:
      Қоғамның негізгі мақсаты - өз мүшелерінің құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау. 
      Қоғамның қызмет түрлері: 
·   математиканы мектептерде, колледждерде және жоғары оқу орындарында, кәсіптік лицейлерде оқытудың теориялық және практикалық мәселеріне, оқытудың сапасын жоғарылату мәселесіне қоғамдық пікір беру, қоғамдық сараптама жасау;
·   жарғылық мақсаттарын жүзеге асыру үшін кәсіпкерлік қызметі;
·   Қазақстан Республикасында Заңында тиым салынбаған басқа да қызмет түрлері.   
2.2. Лицензияланған, сонымен қатар арнайы рұқсат талап ететін қызмет түрлерін бірлестік белгіленген тәртіппен лицензия және рұқсат алынған соң атқарып алады.
 
                              3. БІРЛЕСТІК МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
3.1. Бiрлестiк мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттерi:
-          жарғы талаптарын орындау;
-          есепте тұру және мүшелік жарнаны мерзімінде төлеп отыру;
-          бiрлестiктiң және оның жоғарғы ұйымдарының шешiмдерiн орындау;
3.2.Бiрлестiк мүшелерiнiң құқықтары:
-          бiрлестiк қызметi туралы ақпарат алып отыру;
-          атқарылатын iс-шараларға қатысу;
-          18 жастан бастап бiрлестiктiң жоғарғы органдарын сайлау және сайлануға;
-          бiрлестiк қызметiне қатысты жиналыстарға қатысу, ұсыныс енгiзу, сын айту, талқылау, өз ойын еркiн айту.
3.3.Жарғылық талаптарын бұзған бiрлестiк мүшесi бiрлестiктен шығарылуы мүмкiн.
 
4. БІРЛЕСТІКТІҢ ҰЙЫМДЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ
4.1.Бiрлестiктiң жоғарғы органы – Жалпы жиналыс.
4.2.Басқарушы органы –Кеңес.
4.3.Бақылаушы органы – Тексеру комиссиясы.
 
5. БІРЛЕСТІККЕ МҮШЕ ЕТІП ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ ШЫҒАРУ ТӘРТІБІ
5.1.Бiрлестiкке мүше болып әлеуметтiк жағдайына, ұлты мен дiни қатыстылығына тәуелсiз, жарғыны мойындайтын, бiрлестiк қызметiне араласатын ҚР азаматтары, алдында оралман дәрежесін алған ҚР азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар кiре алады
5.2.Бiрлестiкке мүшелiкке қабылдау жалпы жиналыста ерiктi түрде жүзеге асады.
5.3.Бiлестiк мүшелiгiнен шығу ерiктi түрде бiрлестiк төрағасының атына мүшелiктi тоқтату себебiн көрсетiп жазған өтiнiшi арқылы жүзеге асырырылады;
5.4.Бiрлестiк мүшелiгiнен төмендегідей жағдайлар орын алғанда шығарылады:
-басқару органдарының тапсырмасын орындаудан бас тарту;
-өзiне жүктелген мiндеттерден жалтару;
-жарғы талаптарын бұзу;
-бiрлестiк жұмысының беделiн түсiру;
-мүшелiк жарнаны төлемеу.
 
6.БІРЛЕСТІКТІҢ БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫН ҚҰРУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰЗЫРЕТІ,
ОЛАРДЫҢ ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАУ ТӘРТІБІ
6.1.Бiрлестiктiң жоғарғы органы жалпы жиналыс болып табылады, жалпы жиналысқа шақыру туралы шешiмдi, күн тәртiбi мен мүшелердiң қатысу нормасын жиналысқа 20 күн уақыт қалғанда төраға хабарлайды.
6.2.Жалпы жиналыс жылына бiр рет шақырылады. Кворум болған жағдайда жиналыс шешiмдерi қатысушылардың жалпы санының 2/3 даусымен қабылданады.
6.3.Жалпы жиналыс:
-          бiрлестiктiң құрылтай құжаттарын қабылдау, оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу;
-          бiрлестiкті ерiктi түрде қайта құрылымдау  немесе тарату;
-          бiрлестiкті басқару ұйымдарының құзыретiн, ұйымдық құрылымын, оларды құру және өкiлеттiлiгiн тоқтату тәртiбiн айқындау;
-          атқарушы ұйымдардың қаржы есебін беру тәртiбi мен мерзiмiн, сондай-ақ бақылау ұйымының тексеру жүргiзу тәртiбiн және олардың нәтижелерiн бекiтудi айқындау;
-          заң актiлерiнде белгiленген шекте бiрлестiктiң басқа заңды тұлғалардың қызметiне қатысуы туралы шешiм қабылдау мәселелерiн;
-          бiрлестiк мүшелiгiне қабылдап мүшелiк жарна мен оны төлеу мерзiмiн анықтайды, жиналыстың төрағасын, кеңес мүшелерін,  кеңестiң ревизиялық коммиссиясын сайлайды;
-          бiрлестiк жұмысының негiзгi бағыттарын анықтайды.
6.4. Төрағасы жетекшiлiк етуiне бiрлестiктi басқаруды жалпы жиналыстар аралында Кеңес жүзеге асады. Кеңес жалпы жиналыста бес  жылға сайланады, оған жалпы жиналыс шешiмімен 3 пен 6 адам аралығында кiредi.
6.5. Кеңес:
-          жиналыс аралығында Төрағаның басқаруымен бiрлестiк қызметiне жетекшiлiк етедi:
6.6.Кеңес тоқсанда 1 рет жиналады. Егер жиналыс мүшелерiнiң жартысынан астамы қатысса мәселелердi шешуге құқылы.Кеңестiң жұмысына, жалпы жиналыста 5 жылға сайланған төраға жетекшiлiк етедi. Төраға жалпы жиналыстың шешiмiмен босатылады және мерзiмi бiтпей өз өкiлеттiлiгiн тоқтады.
6.7. Төраға :
-          осы жарғыға байланысты бiрлестiк жұмысын бағыттап отырады;
-          жалпы жиналысты өткiзу үшiн ұйымдастыру жұмысын жүргiзедi:
-          басқа да қоғамдық ұйымдармен байланысты қалыптастырады:
-          бiлестiкті мемлекеттiк органдарға таныстырады:
-          жалпы жиналыстың алдында, жасалған жұмыстар туралы есеп бередi.
-          кадр мәселесiн шешедi:
6.8.Бiрлестiктiң қаржы қызметiне бақылау жасауды бiрлестiк мүшелерiнiң жалпы жиналысында сайланған ревизиялық коммиссия жүзеге асырады. Құрамында 3 адам бар ревизиялық коммиссия 5 жыл мерзiмге сайланады.
6.9. Ревизиялық коммиссия::
-          мүлiкке және қаржы қаражаттарына бақылау жасайды;
-          бiрлестiктiң өндiрiстiк қызметiн бақылайды.
6.10. Ревизиялық коммиссия өзiнiң отырысына жылына 1 рет жиналады. Ревизиялық коммиссия қабылдаған шешiмiн жалпы жиналысқа мәлiмдеп отырады.
6.11. Ревизиялық коммиссияның төрағасы жалпы жиналыстың алдында есеп бередi және оның нақтылығына, әдiлдiгiне жауап бередi.
 
7. БІРЛЕСТІКТІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖӘНЕ БАСҚА ДА МҮЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ КӨЗІ, БІРЛЕСТІК ПЕН ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ БӨЛІМДЕРІНІҢ МҮЛІКТІ БАСҚАРУ ҚҰҚЫ
7.1. Бiрлестiктiң қаражаты мен оның құрылымдық бөлiмдерi келесi көздерден қалыптастырылады:
-          мүшелік жарнадан;
-          ерікті жарналар мен қайырымдылық жарналардан;
-          жарғыға сәйкес лекция оқу, көрмелер, спорттық және басқа шаралар, лотерея өтізуден;
-          өндірістің және басқа шаруашылық қызметінің кірісінен;
-          заңдылық актілерінің тыйым салынбаған түрлерінен түсетін түсімнен.
Бірлестік мүшелерінің бірлестікке берілген мүлікке, сонымен қатар мүшелік жарнаға құқы жоқ. Мүшелер бірлестіктің міндеттемелеріне жауап бермейді, бірлестік өз мүшелерінің міндеттемелеріне жауап бермейді.
7.2. Кәсіпкерлік қызметтен түскен кіріс мүшелерге бөлінбейді, ол жарғы мақсатының орындалуы үшін жұмсалады.
7.3. Құрылымдық бөлімдердің материалдық құндылықтары, бағасы, құны бірлестіктің жалпы балансында көрсетіледі, бірлестіктің мүліктерін құрайды.
 
8. БІРЛЕСТІКТІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
 8.1. Қоғамдық бiрлестiк жарғыда және Қазақстан Республикасының заңдарында берiлген өкiлеттiк шегiнде жұмыс iстейтiн басшы органдары арқылы құқықтарға ие болып, өздерiне мiндеттер алады.
       Жарғылық мақсаттарды жүзеге асыру үшiн қоғамдық бiрлестiк Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен:
      - өз қызметi туралы ақпарат таратуға;
      - соттар мен басқа да мемлекеттiк органдарда, өзге де қоғамдық бiрлестiктерде өз мүшелерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн бiлдiруге және қорғауға;
      - бұқаралық ақпарат құралдарын құруға;
      - жиналыстар, митингiлер, демонстрациялар, шерулер мен пикеттер өткiзуге;
      - баспа қызметiн жүзеге асыруға;
      - халықаралық коммерциялық емес үкiметтiк емес бiрлестiктерге кiруге;
      - Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де өкiлеттiктi жүзеге асыруға құқылы. 
8.2. Қоғамдық бiрлестiк:
      - Қазақстан Республикасының заңдарын, сондай-ақ жарғыда көзделген нормаларды сақтауға;
      - өз мүшелерiнiң құқықтары мен мүдделерiне қатысты құжаттармен және шешiмдермен олардың танысу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге;
      - ақша қаражатының келiп түсуi мен жұмсалуы туралы өз мүшелерiн хабардар етуге;
      - тұрақты жұмыс iстейтiн басшы орган орналасқан жердiң және бiрыңғай мемлекеттiк тiзбеге енгiзiлетiн мәлiметтер көлемiнде басшылар туралы деректердiң өзгергенi туралы тiркеушi органға хабарлап отыруға мiндеттi.
 
9. ЖАРҒЫҒА ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗУ ТӘРТІБІ
9.1. Жарғыға өзгерістер мен толықтыру енгізу жалпы жиналыс құзырында   болып табылады.
9.2. Жарғыға өзгерістер мен толықтыру енгізу бастапқыда бастауыш ұымдарда, Кеңесте қаралып қабылданады, сонан соң жалпы жиналыстың күн тәртібіне енгізіледі.
9.3. Жарғыға өзгерістер мен толықтыру енгізу жалпы жиналыс мүшелерінің 2/3 дауысымен қабылданады.
9.4. Жарғыға өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы ұсыныс кворум болғанда және жиналысқа қатысқан мүшелердің 2/3 жақтап дауыс бергенде саналады.
9.5. Жарғыға өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы бірлестіктің кез келген мүшесі ұыныс бере алады.
9.6. Жарғыға өзгерістер мен толықтыру енгізу бекітілген заң тәртібі бойынша Әділет органдарында тіркеледі.
 
                      10. БІРЛЕСТІКТІҢ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТАРАТЫЛУЫ МЕН ҚАЙТА ҚҰРЫЛУ ТӘРТІБІ
10.1. Бірлестіктің өзінің қызметін тарату және қайта құру мәселесі жалпы жиналыс шешімімен, заңдарда көрсетілген жолмен жүзеге асырылады.
10.2. Тарату мен қайта құрылу туралы ұсынысты бірлестіктің кез келген мүшесі енгізе алады.
10.3. Тарату және қайта құрылу туралы шешім жиналысқа қатысушылардың 2/3 дауыс берген жағдайда заңды болады.
10.4. Таратуды бірлестік мүшелерінің жалпы жиналыста сайлаған тарату   комиссиясы жүзеге асырады.
10.5. Бірлестік таратылғанда несие берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан соң қалған мүлік жарғылық мақсаттарға жіберіледі.
 
                                          11. БІРЛЕСТІКТІҢ ФИЛИАЛДАРЫ ЖӘНЕ ӨКІЛДІКТЕРІ
11.1.    Филиал мен өкілдіктер бірлестіктің берген мүлкін иеленеді, оларға жедел басқару құқы беріледі.
Бірлестіктің құрылымдық бөлімшелерін басқаруды филиал және өкілдіктің басшысы атқарады. Ол Бірлестіктің  жалпы жиналысында сайланады және сенімхат арқылы әрекет етеді.
11.2.    Филиал мен өкілдіктің міндеті мен құқықтары және мақсаты Ережемен белгіленеді.
11.3.   Филиал және өкілдіктер Ережесінде филиал мен өкілдік қызмет атқаратын аумақтың атауы көрсетілуі қажет.
11.4. Филиалды немесе өкілдіктерді ашу туралы шешімді бірлестіктің мүшелерінің жалпы жиналысы қабылдайды. 
 
   «Оңтүстік Қазақстан облысының
  математика пәні мұғалімдері
   мен оқытушыларының қауымдастығы»
   қоғамдық бiрлестiгiнiң төрағасы                                                                                                            Рахымбек Д.

Сұрақтар мен жауаптар

Пікірлер